Умиров Нуржан Бердалыевич, Энергияны cақтау және түрлендіру жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға ұсынылды.
20.05.2026
Умиров Нуржан Бердалыевич, «Institute of New Materials and Energy Technologies» Жеке мекемесінің Энергияны cақтау және түрлендіру жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға ұсынылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы №380 «Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 7-тармағына сәйкес, «Institute of New Materials and Energy Technologies» Жеке мекемесі қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға үміткер – Энергияны cақтау және түрлендіру жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Умиров Нуржан Бердалыевич туралы ақпаратты жариялайды.
Жарияланған материалдарда 20400 – Химиялық инжиниринг (20000 – Техникалық ғылымдар) ғылыми мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алуға үміткер туралы толық ақпарат (pdf, docx) берілген.
Сонымен қатар, «Institute of New Materials and Energy Technologies» Жеке мекемесінің Энергияны жинақтау және түрлендіру жүйелері зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Нуржан Бердалыевич Умировтың жарияланған ғылыми еңбектерінің тізімі (pdf, docx) ұсынылған.